«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» коллекциялық монетасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасындағы ең серпінді және әсерлі спорт түрлерінің бірі — шорт-трек жарысына арналған. Бұл спорт түрі 1992 жылдан бастап қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіреді және дәстүрлі түрде жоғары бәсекелестік пен жарыс динамикасының арқасында кең халықаралық аудиторияның назарын аударды.
Монета түрлі-түсті басып шығару технологиясын қолдана отырып, 925 сынамды күмістен жасалған. Монетаның массасы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік. Реверсінің ортасында мәнерлі мұз жолында жылдамдық пен жарыс рухын жеткізетін шорт-трек жарысына қатысушы спортшылар бейнеленген. Артқы фонда тау көріністері мен қысқы тақырып элементтері берілген. Шеңбер бойымен «OLYMPIC GAMES» деген жазба орналасқан.