Құрметті әлеуетті жеткізушілер!
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік сатып алу субъектілерінен шықты. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12994 болып тіркелген) – 2018 жылғы 07 қазаннан бастап күші жойылды.