ГлавнаяТеңге сарайы туралы

Теңге сарайы туралы

БІЗ ТУРАЛЫ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК – монеталар, медальдар мен ордендер шығаратын заманауи кәсіпорын.

Біз әрбір тапсырыстың жоғары сапалы орындалуын қамтамасыз етеміз және бұл қиын жағдайда бізге мыналар көмектеседі:

  • Өз ісіне деген сүйіспеншілік, Сіздердің тілектеріңізді ескере отырып, Сіздер үшін жұмыс істеуге деген ұмтылыс.
  • Кәсіпорында бірінші дәрежелі мамандар, өз ісінің білгірлері жұмыс істейді. Бастапқыда Үлбі металлургиялық зауытының шеберлері жұмыс істеді, ал қазір бұл мамандар біздің ұжымның өзегін құрайды.
  • Біз заманауи технологияларды қолданамыз, жетекші еуропалық фирмалардың жабдықтарында жұмыс істейміз. Балқыту, илемдеу, шекімелеу, шабу, көптеген жабындарды қолдану – біз осы әдістердің барлығын бірегей өнімдерді өндіруде қолданамыз.
БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ
Қазақстан Республикасының ұлттық валютаға – алтын мен күмістен жасалған айналыстағы, инвестициялық және коллекциялық монеталарға, сондай-ақ мемлекеттік наградаларға қажеттілігін толық қанағаттандыру
БІЗДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Біздің өндіріс туралы толығырақ баяндайық.

Ең бастысы – монеталарды соғу, содан кейін көркемдік өңдеу.

Ол үшін эмальдау, таңдамалы алтын жалату, көнеге ұқсатып үшін тотығу қолданылады.

Бұйымдарға медаль немесе монетаны өнер туындысына айналдыратын асыл тастар салынуы мүмкін. Топографиялық және цифрлық басып шығару сәндік дизайн ретінде де қолданылады.

Бағалы металдарды сараптау үшін аккредиттелген зертхананың болуы Қазақстан теңге сарайының монета және басқа да өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын бағалы металдардың сапасы мен тазалығына кепілдік береді.

Біз жалған істелгеннен қорғауға ерекше назар аударамыз. Ол үшін шағын мәтін, гофрленген гурт қолданылады, секторлық гурттық безендіру пайдаланылады, биколорлық бұйымдар жасалады, жасырын голографиялық сурет қолданылады.

БІЗ НЕНІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ?

Бүгінгі таңда біз мемлекетті өзінің сипаттамалары бойынша еуропалықтардан кем түспейтін айналыстағы монеталармен толық қамтамасыз етеміз. Кәдімгі айырбастау монеталарымен қатар біз салмағы 0,5-тен 2 кг-ға дейінгі күміс және алтын монеталар сияқты шынымен ерекше бұйымдарды шығарамыз.

Қазақстан теңге сарайы тантал монеталарының жалғыз өндірушісі болып табылады. Тантал қазақстандық монеталардың бірегей ерекшелігіне айналды. 2011 жылы Қазақстан теңге сарайы тантал элементтері бар қазақстандық монеталарды ойлап табуға инновациялық патент алды. Біздің мамандар танталдың түсін 18 түрлі түстер мен реңктерге өзгертудің технологиялық әдістерін әзірледі, бұл монеталарды жобалау мүмкіндіктерін кеңейтті.

Біздің өнімдеріміз жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді, оны Сарапшылар жыл сайын Берлин қаласында (Германия) ұйымдастырылатын беделді халықаралық монеталар көрмесінде растайды.

Президент Әкімшілігі республиканың аса маңызды мемлекеттік наградаларын дайындауды Қазақстан теңге сарайына тапсырды. Біздің шеберлер зергерлік өнердің нағыз туындылары болып табылатын сапалы ордендер мен медальдар жасайды.

Біздің жұмысымызды Үкімет, Ұлттық Банк, сондай-ақ түрлі ведомстволар мен ұйымдар жоғары бағалайды. Біз халықаралық маңызы бар көрмелерде өз өнімдеріміздің жоғары сапасын үнемі растаймыз.

Біз өз дамуымызда тоқтамаймыз. Біздің жұмысымыздың негізгі қағидаттарының бірі – кемелдікке ұмтылу. Біздің мамандар нарықтың жаңа үрдістерін үнемі қадағалап отырады, клиенттердің сұраныстарын барынша қанағаттандыру үшін өндіріс үдерісін жетілдіреді. Біз шикізат пен жабдықты барынша тиімді пайдалануға тырысамыз, бұл өнімнің өзіндік құнын оның сапасына нұқсан келтірмей азайтуға мүмкіндік береді.

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС
Телефон (Қабылдау бөлмесі):
(7232) 75-33-50
Факс:
(7232) 75-15-80
admin@kmd.kz
Дүйсенбі-жұма 08:00-17:00
Қазақстан Республикасы, 070005,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 102/1
Ошибка. Неверный логин или пароль
Авторизация
Авторизован
Личный кабинет