Қазақстан теңге сарайы Президент Әкімшілігінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік наградаларын, сондай-ақ қазақстандық министрліктер мен ведомстволардың көптеген наградалары мен айырым белгілерін шығарады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және ведомстволық наградалары үздік әлемдік үлгілерге сәйкес келетін зергерлік өнердің лайықты үлгілері болып табылады. Оларды өндіруде алтын мен күміс, асыл тастар, ыстық эмальдар қолданылады.