Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге 1993 жылғы 15 қарашада енгізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының аумағындағы ұлттық валютаның жалғыз эмитенті болып табылады.
Айналыстағы Қазақстан Республикасының ақша белгілері банкноттар мен монеталардан тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары ұлттық валюта – Қазақстан теңгесінің банкноттары мен монеталарын жобалау тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар мен монеталардың суреттері мен сипаттамалары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының айналым, коллекциялық және инвестициялық монеталары біздің кәсіпорында дайындалады.
Инвестициялық монеталар – 999,9 жоғары сапалы алтын және күміс монеталар. Олардың негізгі мақсаты-инвестициялау және қаражат жинау.
Коллекциялық монеталар – бағалы және қымбат емес металдардан жасалған шектеулі шығарылымдағы арнайы монеталар коллекция мен жинақтау объектісі болып табылады.