«БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» коллекциялық монетасы Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығына арналған және ғарыш кемесінің иллюминаторының футуристік стилінде орындалған. Дизайн ғарыштан Жерге панорамалық көріністі бейнелейді: планета аясында Қазақстан аумағы айқын көрсетіліп, оның үстінде Жердің алғашқы жасанды серігінің ұшырылуы бейнеленген. Композиция ғарышты игерудің негізгі кезеңдерінің хронологиясымен толықтырылып, Байқоңырдың тарихи маңызын айқындайды.
Монета танталдан жасалған, массасы — 100 грамм, диаметрі — 50 мм, дайындау сапасы — proof, номиналы — 2000 теңгелік.