ГлавнаяЖаңалықтарИнвестициялық монеталардың ребрендингі туралы

Инвестициялық монеталардың ребрендингі туралы

Инвестициялық монеталардың ребрендингі туралы

KÓKBÓRI жаңа инвестициялық монеталары – Қазақстан Ұлттық Банкі өткізген ALTYN BARYS және KÚMIS BARYS инвестициялық монеталарының ребрендингінің нәтижесі.

KÓKBÓRI дизайнында «Көшпенділер тотемі – ғибадат жануарлар» монеталар сериясының стилі қолданылған. Эксклюзивті дизайн KÓKBÓRI инвестициялық монеталарын инвестициялау тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар коллекция мен сыйлық үшін де қызықты етеді.

Proof сапалы алтын және күміс монеталар интерференциялық құбылмалы жабынды түріндегі қорғаныс элементін қолдана отырып жасалған. Сондай-ақ, uncirculated сапасындағы монеталардан айырмашылығы, бұл монеталар жеке ағаш қораптарда, қара (алтын монеталар үшін) және ақ (күміс монеталар үшін) түстерде шығарылады.

Инвестициялық монеталарды шығарудың негізгі мақсаты – халыққа бағалы металдарға үнемдеудің және/немесе инвестициялаудың балама құралын ұсыну.

Инвестициялық монеталар Қазақстан теңге сарайында жасалған.

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС
Телефон (Қабылдау бөлмесі):
(7232) 75-33-50
Факс:
(7232) 75-15-80
admin@kmd.kz
Дүйсенбі-жұма 08:00-17:00
Қазақстан Республикасы, 070005,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 102/1
Ошибка. Неверный логин или пароль
Авторизация
Авторизован
Личный кабинет