ГлавнаяМонетыКоллекционные

Коллекциялық

Әлемнің көптеген елдеріндегідей, Қазақстанда да айналыстағы монеталардан басқа коллекциялық және инвестициялық монеталар да шығарылады. Көптеген қазақстандық монеталар сирек ұшырасатын бағалы туындыларға айналды және де бүкіл әлем бойынша нумизмат коллекцияларын көріктендірді. Көптеген монеталардың құны олардың номиналынан және сату бағасынан бірнеше есе асып түсті. Бұл жайт монеталарымыздың өте жақсы салымы болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы коллекциялық монеталарды 1995 жылдан бастап жасап келеді. Олардың маңызды оқиғаларға немесе күндерге арналған белгілі бір тақырыбы бар. Коллекциялық монеталардың негізгі мақсаты – мәдени және ағартушылық.

Оларды өндіруде монетаның арнайы технологиясы қолданылады. Әдетте, олар қымбат металдардан жасалған. Коллекциялық алтын монеталардағы металдың мөлшері: Au 999, күмісте Ag 925. Мұндай монеталардың таралымы шектеулі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-дүкенде https://kazcoins.nationalbank.kz/kz сілтеме бойынша өтіп, қазақстандық монеталардың электрондық каталогымен таныса аласыздар.

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС
Телефон (Қабылдау бөлмесі):
(7232) 75-33-50
Факс:
(7232) 75-15-80
admin@kmd.kz
Дүйсенбі-жұма 08:00-17:00
Қазақстан Республикасы, 070005,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 102/1
Ошибка. Неверный логин или пароль
Авторизация
Авторизован
Личный кабинет