Оформление заявки
это поле обязательно для заполнения
Имя:
*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:
*
это поле обязательно для заполнения
E-mail:
*
это поле обязательно для заполнения
Область ввода:
*
это поле обязательно для заполнения
*
Спасибо! Форма отправлена
Телефон (қабылдау бөлмесі):
365904_0497
Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қазақстан Теңге Сарайы
заказать продукцию
Сделанные на базе интернет-аналитики выводы могут быть указаны как претенденты на роль ключевых факторов.
ФИО клиента
Оставить отзывы:
это поле обязательно для заполнения
Имя:
*
это поле обязательно для заполнения
E-mail:
*
это поле обязательно для заполнения
Область ввода:
*
Спасибо! Форма отправлена
Главная
/
Кәсіпорын туралы
/
Біздің жетістіктеріміз

Біздің жетістіктеріміз

19193

 

«IACA EXCELLENCE IN CURRENCY 2017 COIN AWARDS» КОНКУРСЫНЫҢ  ФИНАЛИСТЕРІ

2017 жылғы 24 қазанда Варшавада, «The Coin Conference – 2017» халықаралық валюта конференциясын өткізу шеңберінде IACA Excellence in Currency 2017 Coin Awards ақтық мәреге қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.«Ғарыш» сериясынан тантал орнатылған «Венера-10» күміс монетасы «Best coin innovation» номинациясында ақтық мәреге шықты. «Венера-10» ғарыш  аппаратын 1975 жылғы 14 маусымда «Протон» ракета тасымалдағышы жіберді. 1975 жылғы 25 қазанда «Венера-10» автоматты станциясының аппараты «Венера-9» аппаратының қону нүктесінен 2200 км қашықтықта планетаның жарық түсетін жағына сәтті қонды. Аппараттан Жерге Венера бетінің телевизиялық бейнелері берілді. «Венера-10» станциясының орбиталық бөлігі Венераның айналасындағы орбитаға шықты.

«Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Күлтегін» күміс монетасы «Best new commemorative coin or test coin» номинациясында ақтық мәреге қатысты. Күлтегін (685ж. – 731ж.) – көптеген көшпелі халықтардың басын біріктірген түркі халқының даңқты әскери қолбасшысы.  Оның құрметіне үлкен обалар кешені салынған, оның маңызды бөлігін бірқатар балбал тастар құрайды. Күлтегіннің эпитафиясын – VIII ғасырдағы түркі руникалық жазбасының ескерткішін 1889 жылы Орхон өзенінің (Моңғолия) бойынан Кошо-Цайдам даласында Н.М. Ядринцев тапты. Жазбалардың сырын 1893 жылы дат ғалымы, профессор Вильгельм Томсен ашты. Ескерткіште құнды  тарихи мәліметтер мен баға жетпес лингвистикалық материал бар.

19192

«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2017» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2017 жылғы 22 қыркүйекте Мәскеу қаласында «Монета жұлдыздары – 2017» Он бірінші халықаралық ескерткіш монеталары конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсімі өтті. «Кәдесый монета» номинациясында екінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған «Сиқырлы нышандар» сериясындағы  «Таға» күмiс монетасы жеңіп алды. «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан «Таға» ескерткіш күміс монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «SKARBIEC KORONNY SA» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығару және сату туралы келісімге сәйкес дайындалды.

19194

«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2016» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2016 жылғы 22 қыркүйекте Мәскеу қаласында «Монета жұлдыздары – 2016» Оныншы халықаралық ескерткіш монеталары конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсімі өтті. Ұйымдастыру   комитетінің 2015 жылы шығарылған монеталар сериясына арнайы жүлдесін Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Теңге сарайы алды. «Қазақстанның ескерткіш монеталарының өзіндік қайталанбас стилі бар, сондықтан да олар монета нарығында сұранысқа ие. Ұлттық Банктің дизайнерлері және Теңге сарайының мамандары тамаша нәтижеге қол жеткізе отырып, өздерінің күш-жігерін және талантын барынша жұмсайды: қазақ монеталары әрдайым қызықты дизайнымен, жоғары дайындалу сапасымен және инновациялық технологияларды пайдаланумен ерекшеленеді».

                                                                                

19195

 

МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2015» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2015 жылғы 25 маусымда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «Монета жұлдыздары - 2015» ескерткіш монеталардың тоғызыншы халықаралық конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсiмi өтті. «Жыл монетасы» номинациясында үшінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұсынған «Ана» күміс монетасы жеңіп алды. «Ана» – монеталарда адамзатқа ортақ құндылықтарды көрсетуге және оларды адамнан адамға, жүректен жүрекке өзіндік бағдар ретінде жеткізуге арналған серияның алғашқы монетасы.

                                                                                 

19196

                                 

«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2014» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2014 жылғы 18 қыркүйекте Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «Монета жұлдыздары - 2014» ескерткіш монеталардың сегізінші халықаралық конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсiмi өтті. «Кәдесый монета» номинациясында бірінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған «Алма отаны» күмiс монетасы жеңіп алды. «Бірегей технология» номинациясында үшінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған «МИР» «Халықаралық ғарыш станциясы» биколорлы күмiс монетасы жеңіп алды.

19197

МОНЕТА САРАЙЛАРЫ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ 28-ШЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2014 жылғы 14 мамыр аралығында Мексиканың астанасы Мехико қаласында Монета сарайлары директорларының 28-шы конференциясы өтті, онда монеталар конкурсы өткізілді. Монета сарайлары директорларының конференциясына мүшелердің жасырын дауыс беруімен шығарылған шешімімен Қазақстанның «Алма отаны» коллекциялық күміс монетасына екі бас жүлде  берілді: «2014 жылда ең əдемі монета». «Қазақстан – ғаламшардағы алма  отаны» – Оксфордтағы британ ғалымдары біздің «жабайы» және басқа жемістер сорттарының ДНҚ зерттеп, осы тұжырымға келді. АҚШ, Канада және басқа мемлекеттердің ғалымдарымен бірлесіп олар әлемде кеңінен белгілі сорттардың негізінде қазақстандық жабайы алманың гендері жатқанын дәлелдеді.

 

19209

«ВИЧЕНЦА НУМИЗМАТИКА - 2014» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЛДЕСІ» ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2014 жылғы 14 ақпанда Виченца қаласында (Италия) «Vicenza Numismatica - 2014» монета өнімінің халықаралық конкурсының қорытындылары бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Республика игілігі» сериясындағы «Байқоңыр» ескерткіш күміс монетасы 2012 жылы соғылған "Ең үздік монета" ретінде осы беделді конкурста екінші жүлдеге ие болды. Мұндай жоғары марапат символдық объектілерді бірегей әзірлегені және жоғары технологиялық өндірісте бірегей тұрғыдан қолданылатын күміс пен танталды шебер үйлестіргені үшін берілді. Бұл монета ғарышты және әлемдегі ең әйгілі ғарыш алаңдарының бірі «Байқоңыр» ғарыш айлағын зерттеудегі маңызды жетістіктерді паш етеді.

19213

«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2013» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2013 жылғы 26 қыркүйекте Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «Монета жұлдыздары 2013» ескерткіш монеталардың жетiншi халықаралық конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсiмi өтті. «Жыл монетасы» номинациясында үшiншi орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған алтын жалатылған «Тамғалы Петроглифтері» күмiс монетасы жеңіп алды.

 

 

Поделиться:
Вопросы и ответы
Как узнать цену и срок изготовления на вашу продукцию?
Для получения ценового предложения на продукцию, отправляйте вашу заявку через кнопку "Заказать продукцию" или на почту admin@kmd.kz
Как заказать коллекционные и инвестиционные монеты?
Коллекционные и инвестиционные монеты Вы можете приобрести в интернет-магазине Национального Банка Республики Казахстан
Как осуществляется доставка продукции?
Доставка по Казахстану осуществляется через АО "Казпочта"
Задать вопрос
бізбен байланыс:
Телефон (қабылдау бөлмесі):
Қазақстан Республикасы, 070050, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 102/1
08.00 - 17.00
Дүйсенбі - жұма
Қоңырауға тапсырыс беру
Заказать обратный звонок
это поле обязательно для заполнения
Имя:
*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:
*
это поле обязательно для заполнения
Область ввода:
*
это поле обязательно для заполнения
*
Спасибо! Форма отправлена