"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Теңге сарайы" РМК көтерме және бөлшек сатып алушыларға тапсырыс бойынша өнімнің кең ассортиментін ұсынады. Жеке тапсырыстар ұйымдар мен жеке тұлғалардың өтінімдері негізінде қабылданады және қажет шарттардың толық тізбесін нақтылау үшін Қазақстан Теңге сарайының сату бөліміне жүгіну қажет.
Қазақстан Теңге сарайына тапсырыс беру шарттары туралы пайдалы ақпарат:
Технологиялық құжаттаманы әзірлеу Тапсырыс берушімен келісілген бұйым эскизінің негізінде жүргізіледі. Жаңа бұйымның таралымын дайындау Тапсырыс беруші сигналдық үлгіні бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Тапсырыс өнімдерін дайындау мерзімі кәсіпорынның өндірістік қуаттарының ағымдағы жүктелуіне байланысты анықталады және тапсырысты орналастыру күнінен бастап орташа 1-2 айды құрайды, оның уақтылы төленуі жүзеге асырылған жағдайда.
Тапсырысты құжаттық ресімдеу келісім-шарт жасасу арқылы жүргізіледі, онда тараптар мәміленің барлық маңызды шарттарын көрсетеді.