Номиналы 777 және 7 777 теңгелік алтын жалатылған ÓMIR SHEJIRESI коллекциялық күміс монеталары «Сиқырлы нышандар» сериясын жалғастырады. Әдеттегі стандартқа жатпайтын номиналдардың сандық белгілері монета өндірісінде алғаш рет қолданылып отыр.
«ÓMIR SHEJIRESI» (өмір шежіресі) – түркі халықтарының өнерінде жиі кездесетін нышандардың бірі, екі әлемнің – Жер мен көктің шартты-символикалық өзара байланысын білдіретін шежірелік жазу. Көне түркілердің дүниетанымында өмір ағашы жерді тамырымен ұстап тұрған, ал тәжі аспанды ұстап тұрған, онда Күн мен жарықтың символы ретінде алтын жұмыртқа салатын қасиетті Самұрық құс өмір сүрген.